Сионистік режим Түркия мен Грекияға газ құбырын салуды қарастыруда
(last modified Mon, 08 Feb 2016 08:25:31 GMT )
Ақп 08, 2016 14:25 Asia/Almaty
  • Сионистік режим Түркия мен Грекияға газ құбырын салуды қарастыруда

Сионистік режимнің Энергетика министрі бұл режимнің газ экспорттау үшін Түркия мен Грекияда газ құбырын салу мүмкіндігін зерттеп жатқаны туралы хабарлады.

«Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ювал Штайниц Грекия газеттерінің біріне берген сұхбатт: «Егер Түркиямен қарым-қатынас жақсарса, газды Түркия арқылы Түркия мен Грекияға сату үшін мүмкіндік пайда болады. Израиль мен Мысырда стратегиялық газ қорының табылуы Грекияға құбыр салуды ақтайтын болады»,- деді.

Сионистік режим, Кипр мен Грекия қаңтар айының соңында Жерорта теңізінің шығысынан табылған газ қорын экспорттау мақсатында жұмыс істеу үшін ортақ жоба бойынша келісім жасаған болатын.

Бұл Анкара бірнеше жылдан бері израильдік компаниялармен газды Түркияға тасымалдау туралы келіссөздер өткізіп, бірақ екі жақтың қарым-қатынастарының бұзылуына байланысты келіссөздер тұйыққа тірелген жағдайда орын алып отыр.

Түркия мен сионистік режимнің қарым-қатынасы сионистік режим 2010-шы жылы Газаға гуманитарлық көмек апара жатқан кемелерге шабуыл жасағаннан кейін нашарлаған болатын.

Тегтер