Хиросимаға атом бомбасын тастау АҚШ армиясының ақлақсыз болмысын көрсетеді
Там 07, 2020 12:35 Asia/Almaty
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи АҚШ-тың Хиросимаға ядролық шабуылын еске алу күніне орай KHAMENEI.IR ақпарат сайтының Твиттердегі жеке парақшасында жариялаған жолдауында: «АҚШ 1945 жылдың тамыз айында Хиросима қаласына атом бомбасын тастап, бір мезетте 100 мың адамды өлтірді. АҚШ-тың дінсіз, Құдайсыз, ақлақсыз деспоттық армиясының болмысы осындай»,-деді.
Ислам революциясының жетекшісі: «Егер біреу үстемшіл державалардың армияларының қылмыстары жайлы баяндағысы келсе, бірнеше том кітап болады. Олардың қылмыстары жазылуы тиіс»,-деп қуаттады.
Хиросима мен Нагасакиге тасталған атом бомбаларынан 220 мыңға жуық адам көз жұмды.