Мозамбик компаниясы: Бейрутте тәркіленген заттар бізге тиесілі
https://parstoday.ir/kz/news/world-i47840-Мозамбик_компаниясы_Бейрутте_тәркіленген_заттар_бізге_тиесілі
Мозамбиктегі жарылғыш заттар жасайтын компания 4 тамызда Бейрут айлағында тәркіленіп, артынан жарылған заттардың осы компанияға тиесілі екенін мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 08, 2020 12:28 Asia/Almaty
  • Мозамбик компаниясы: Бейрутте тәркіленген заттар бізге тиесілі

Мозамбиктегі жарылғыш заттар жасайтын компания 4 тамызда Бейрут айлағында тәркіленіп, артынан жарылған заттардың осы компанияға тиесілі екенін мәлімдеді.

CNN телеарнасының хабарлауынша, Мозамбиктегі бір жарылғыш заттар жасайтын компанияның ақпарат өкілі: «Бейрут айлағында жарылған аммиак нитраты біздің компияға тиесілі. Ол Грузиядан Мозамбикке қарай келе жатқан еді, бірақ осы жолы жете алмады»,-деп қуаттады.

Жарылғыз заттар Мозамбиктегі тау-кен компанияларына жеткізілуі тиіс еді. Ол 7 жыл бұрын Бейрут айлағында тұтқынға алынып, тәркіленген.

Мозамбик компаниясының ақпарат өкілі бұл жүктің Бейрут айлағында сақталу мерзіміне таңданыс білдіріп: «Бұл қолданусыз жай сақтала беретін зат емес. Өте қауіпті зат. Ол стандарттарды нақты сақтау негізінде тасымалдануы тиіс»,-деді.