Америкалықтар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің механизмін теріс пайдалануда
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ-тың Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзартуға тырысып жатқанына тоқталып: «Америкалықтар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің механизмін теріс пайдалануда»,-деді.
Сейіт Аббас Мусави дүйсенбі күні баспасөз конференциясында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ертеңгі отырысында АҚШ-тың Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзарту туралы қарарының алғынұсқасы ұсынылатынына тоқталып: «Бұл шара Иранға қарсы болудан бұрын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі және халықаралық механизмдерге қарсы бағытталған»,-деді.
Мусави америкалықтардың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін құртуды немесе өзінің қол астына алуды қалайтынын айтып: «Кеңестің мүшелері америкалықтардың тұзағына түсіп қалмауға тырысулары керек. АҚШ-тың бұл шарасы да кеңес мүшелерінің қырағылығының арқасында сәтсіз аяқталады»,-деді.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Вашингтонның Теһран үкіметінің АҚШ-тағы президенттік сайлауға араласуы туралы уәждеріне тоқталып: «Бұл да америкалықтардың күлдіргі уәждерінің бірі, өйткені Иран АҚШ-тағы адамдар, ағымдар мен партияларға көңіл аудармайды, тек олардың қатынасы, әрекеттері және ИИР-мен әріптестігіне көңіл бөледі»,-деді.