Трамп Израиль мен БАӘ-нің келісіміне асығыс реакция білдірді
АҚШ Президенті Ақ үйдің сыртқы саясатына қарсы ауқымды сындарға жауап беру мақсатында асығыс реакция білдіріп, Израиль мен БАӘ-нің бітім келісімін қолдады.
«Спутник» ақпарат агентігінің хабарлауынша, Дональд Трамп АҚШ, Израиль мен БАӘ-нің ортақ мәлімдемесін таратып, Твиттердегі жеке парақшасында: «Осы үшжақты келісімнің негізінде қарым-қатынас толығымен қалыптандырылады»,-деп жазды.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео да сионистік режим мен БАӘ-нің өзара қарым-қатынасты қалыптандыру туралы келісімін ақтай келіп, бұл шараны дұрыс жолдағы ірі қадам деп атады.
АҚШ Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Роберт О’Брайан: «Израиль мен БАӘ-нің өзара қарым-қатынасты қалыптандыру туралы келісіміне алдағы апталарда Ақ үйде қол қойылады»,-деп мәлімдеді.
Кейбір араб елдерінің басшылары сионистік режимнің палестиналықтарға жасап жатқан қылмыстарын ескерместен, Тель-Авивпен қарым-қатынасты қалыптандыруды көздеп отыр.