Huffington Post газетінің тілшісі Трампқа: Өтірік айтудан жалықпайсыз ба?
Там 15, 2020 12:45 Asia/Almaty
Huffington Post газетінің тілшісі С.Ф.Дате Трамптан «Президент мырза, АҚШ халқына айтқан барлық өтіріктеріңізге өкінбейсіз бе?» деп сұрау үшін жылдар бойы сабыр сақтап, күткен екен.
Трамп: «Неменеге?»-деп қайтарып сұрағанда, тілші сабырмен орындығына сүйеніп: «Айтып жатқан өтіріктеріңізге кейін өкінбейсіз бе?»-деді. Трамп: «Неменеге?»,-деп қайта сұраған, тілші: «Өтірік айтқаныңызға»,-деді. Трамп: «Сіз кімге айтып тұрсыз?»-деп тарпа бас салғанда, тілші: «Сізге»,-деді. Трамп: «Келесі тілші»,-деп басқаға қол нұсқады.