АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде ауыр жеңіліс тапты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i47922-АҚШ_БҰҰ_Қауіпсіздік_кеңесінде_ауыр_жеңіліс_тапты
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде АҚШ-тың Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзарту үшін жасаған талпынысы нәтиже бермеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 15, 2020 14:00 Asia/Almaty

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде АҚШ-тың Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзарту үшін жасаған талпынысы нәтиже бермеді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің хабарлауынша, АҚШ-тың Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзарту туралы қарарының алғынұсқасы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде 11 қалыс, 2 оң және 2 теріс дауыспен  қабылданбай тасталды.

АҚШ пен Доминикан республикасы бұл қарарға оң дауыс берді. Қытай мен Ресей қарсы дауыс беріп, қалғандары қалыс қалды.  

Осылайша Иранға қарсы қару-жарақ санкциясы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы негізінде 2020 жылдың қазан айында күшін жояды.  

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео елінің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде ауыр жеңіліске ұшырағанынан кейін: «Бұл кеңес Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын 13 жылға ұзартуға берілген қисынды қарарды қабылдамай тастады»,-деп уәж айтты.

Помпео Иранға қарсы жалған айыптарын қайталап, Вашингтон талпыныстарының зая кеткеніне ызаланып: «АҚШ осы саладағы өз талпыныстарын жалғастыра береді»,-деді.