Ресей мен Қытайдың БҰҰ-дағы өкілдіктері АҚШ-тың Иранға қарсы қарарының жеңіліс тапқанын мәлімдеді
Ресей мен Қытайдың БҰҰ-дағы тұрақты өкілдіктері жұма күні кешке жеке-жеке мәлімдеме жасап, Қауіпсіздік кеңесінде АҚШ-тың Иранға қарсы қарарының жеңіліс тапқанын айтты.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің хабарлауынша, Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігі өз мәлімдемесінде осы елдің АҚШ-тың Қауіпсіздік кеңесіне ұсынған Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзарту туралы қарарына қарсы дауыс бергенін айтып: «Ресей қарарға қарсы шықты, өйткені ол Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын ашық түрде бұзады»,-деді.
Қытайдың БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігі өз мәлімдемесінде Бейжіңнің АҚШ қарарына қарсы дауыс бергенін айтып: «АҚШ ұсынған қарардың алғынұсқасы – зорлықтың үлгісі. АҚШ-тың Қауіпсіздік кеңесінде жеңіліс табуы біржақтылықтың қолдау таппайтынын және зорлықтың нәтиже бермейтінін көрсетті»,-деді.