Тахтраванчи: БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімі АҚШ-тың халықаралық сахнада оқшауланғанын білдіреді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i47926-Тахтраванчи_БҰҰ_Қауіпсіздік_кеңесінің_шешімі_АҚШ_тың_халықаралық_сахнада_оқшауланғанын_білдіреді
Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Маджид Тахтраванчи сенбі күні IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында америкалықтардың бұл қарар қабылданбаса, №2231 қарары негізіндегі Моше механизмін қолдануға бет бұратынын айтқанына тоқталып:
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 15, 2020 16:38 Asia/Almaty
  • Тахтраванчи: БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімі АҚШ-тың халықаралық сахнада оқшауланғанын білдіреді

Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Маджид Тахтраванчи сенбі күні IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында америкалықтардың бұл қарар қабылданбаса, №2231 қарары негізіндегі Моше механизмін қолдануға бет бұратынын айтқанына тоқталып:

«БҰҰ Қауіпсіздік  кеңесінің АҚШ қарарына қарсы дауыс беруі Вашингтонның Моше механизмі туралы уәждерінің негізсіз екенін білдіреді. АҚШ-тың нәтижесіз талпынысы оның оқшаулануын күшейтеді»,-деді.  

Тахтраванчи АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, Иран халқына қарсы ауыр санкциялар салғанына тоқталып: «Америкалықтар халықаралық құқықтар мен БҰҰ Қауіпсіздік  кеңесінің шешімдеріне маңыз бермейді. Ал №2231 қарары көпшілік дауыспен бекітілді. АҚШ-тан басқа БҰҰ Қауіпсіздік  кеңесі мүшелерінің басым бөлігі осы қарардың орындалуын қолдап отыр»,-деді.