Тахтраванчи: БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімі АҚШ-тың халықаралық сахнада оқшауланғанын білдіреді
Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Маджид Тахтраванчи сенбі күні IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында америкалықтардың бұл қарар қабылданбаса, №2231 қарары негізіндегі Моше механизмін қолдануға бет бұратынын айтқанына тоқталып:
«БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің АҚШ қарарына қарсы дауыс беруі Вашингтонның Моше механизмі туралы уәждерінің негізсіз екенін білдіреді. АҚШ-тың нәтижесіз талпынысы оның оқшаулануын күшейтеді»,-деді.
Тахтраванчи АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, Иран халқына қарсы ауыр санкциялар салғанына тоқталып: «Америкалықтар халықаралық құқықтар мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімдеріне маңыз бермейді. Ал №2231 қарары көпшілік дауыспен бекітілді. АҚШ-тан басқа БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің басым бөлігі осы қарардың орындалуын қолдап отыр»,-деді.