Болтон АҚШ үкіметіне «Моше» механизмін қолдану туралы ескерту жасады
Ақ үйдің бұрынғы ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі АҚШ үкіметіне «Моше» механизмін Иранға қарсы қолдану туралы ескерту жасады.
Джон Болтон жексенбі күні The Wall Street Journal газетінде басылып шыққан мақаласында: «Иранға қарсы «Моше» механизмін қолдану басты қатерге тігуге тұрмайды. Ол БҰҰ қауіпсіздік кеңесіндегі вето құқығын әлсіретеді»,-деп жазды.
Болтон Дональд Трамп үкіметінің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын пайдалану арқылы Иранға қарсы санкцияларды қайтаруды көздеп отырғанын айтып: «Ядролық келісімді жақтайтындардың қисынды дәлелі бойынша, АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін Вашингтонда аталмыш механизмді іске қосуға ешқандай құқық жоқ»,-деді.
АҚШ-тың бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі: «Демократиялық партияның басты үміткері сайлауда жеңіске жеткен жағдайда Джо Байден үкіметі немесе тіпті Дональд Трамптың екінші үкіметі Иранмен тағы бір келісім жасауы мүмкін»,-деп уәж айтты.