АҚШ-тың Моше механизмін іске қосуы теріс реакцияға ұшырайды
Ресейдің Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілі сәрсенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында: «АҚШ-тың БҰҰ-ның Иранға қарсы санкцияларын қайтару механизмін (Моше механизмі) іске қосу туралы шешімі теріс реакцияға ұшырайды»,-деп мәлімдеді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Михаил Ульянов Вашингтонның өзін әлі күнге дейін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысушылардың бірі санауын қисынсыз деп атап: «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Иранға қарсы санкцияларын қайтару мақсатында АҚШ-тың Моше механизмін іске қосуы теріс реакцияға ұшырайды»,-деп жазды.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео сәрсенбі күні өз елінің жуырда Иранға қарсы санкцияларды қайтару механизмін іске қосатынын мәлімдеді.