Зариф: АҚШ-тың санкцияларды қайта салуға ешқандай құқығы жоқ
ИИР Сыртқы істер министрі бейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің басшысына жазған хатында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында Иранға қарсы санкцияларды қайта салуға белгіленген механизмді АҚШ-тың теріс мақсатта қолдануға ұмтылысын қабылдауға келмейтін әрекет деп атап: «Вашингтонның санкцияларды қайта салуға талпынуға ешқандай құқығы жоқ»,-деп қуаттады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф осы хатта халықаралық қауымдастықты АҚШ-тың бұл талабына қарсы тұруға шақырды.
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың күші жойылған қарарларды қайтаруға құқылы екенін дәлелдеу үшін айтқан түсініктемесін «заңсыз әрі беделсіз» деп атап: «Вашингтонның заңсыз әрі қатерлі ұстанымы халықаралық қарым-қатынаста қалыптасқан ережелерді аяққа таптап отыр»,-деді.
Зарифтің хатында: «Санкция салу – теріс ниет білдіріп, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарары, Халықаралық әділет сотының үкімі мен БҰҰ Бас ассамблеясы мен Адам құқығы кеңесінің көптеген қарраларын ашық түрде бұзу»,-делінген.
Осы хатта Иран Сыртқы істер министрі ядролық келісімде қайшылықтарды шешу үшін белгіленген механизмді АҚШ-тың теріс пайдалануына жол бермей, бұл елдің ұсынысын қабылдаудан бас тартуға кеңес берді.