Бір америкалық жігіт айуандықпен өлтірілді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i48014-Бір_америкалық_жігіт_айуандықпен_өлтірілді
АҚШ полиция қызметкерлері Аризона штатында бір жас жігітті дүкеннен сусын ұрлағаны үшін өлтірді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 23, 2020 11:39 Asia/Almaty

АҚШ полиция қызметкерлері Аризона штатында бір жас жігітті дүкеннен сусын ұрлағаны үшін өлтірді.

NBC News-тың хабарлауынша, жуырда таралған бір видеода АҚШ-тың Аризона штатында Рамон Тимоти Лопес есімді адам полиция қызметкерлерінің қатігездігінен қаза тапқаны көрсетілген.

Бұл видеода Аризона штатының полицейлері 6 минут бойы жігіттің мойны мен белін тіземен басып, аяғын тұсаған.

Полиция қызметкерлері  6 минуттан кейін жігітті асфальттан  көтеріп алып, полиция көлігіне отырғызды. Осындай қатігез қатынас салдарынан ұсталған жігіт есінен танып, артынан қайтыс болды.