Бір америкалық жігіт айуандықпен өлтірілді
Там 23, 2020 11:39 Asia/Almaty
АҚШ полиция қызметкерлері Аризона штатында бір жас жігітті дүкеннен сусын ұрлағаны үшін өлтірді.
NBC News-тың хабарлауынша, жуырда таралған бір видеода АҚШ-тың Аризона штатында Рамон Тимоти Лопес есімді адам полиция қызметкерлерінің қатігездігінен қаза тапқаны көрсетілген.
Бұл видеода Аризона штатының полицейлері 6 минут бойы жігіттің мойны мен белін тіземен басып, аяғын тұсаған.
Полиция қызметкерлері 6 минуттан кейін жігітті асфальттан көтеріп алып, полиция көлігіне отырғызды. Осындай қатігез қатынас салдарынан ұсталған жігіт есінен танып, артынан қайтыс болды.
Тегтер