Иран мен Ресейдің қарым-қатынасын дамыту – көпжақтылықтың біржақтылықпен күресі
https://parstoday.ir/kz/news/world-i48017-Иран_мен_Ресейдің_қарым_қатынасын_дамыту_көпжақтылықтың_біржақтылықпен_күресі
АҚШ Иран мен аймақ елдері арасындағы қарым-қатынастың кеңеюі мен интеграциясына кедергі жасауға талпынып жатқан шақта Иран мен Ресейдің әріптестігін нығайту стратегиялық маңыздылыққа ие.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 23, 2020 13:58 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресейдің қарым-қатынасын дамыту – көпжақтылықтың біржақтылықпен күресі

АҚШ Иран мен аймақ елдері арасындағы қарым-қатынастың кеңеюі мен интеграциясына кедергі жасауға талпынып жатқан шақта Иран мен Ресейдің әріптестігін нығайту стратегиялық маңыздылыққа ие.

Екі ел қарым-қатынасының даму үдерісіне шолу жасағанда аймақтық және халықаралық жағдайдың бұл байланысты стратегиялық сипат алуға қарай итермелегенін көруге болады. Атқарылған ортақ шаралар халықаралық қарым-қатынастардағы көпжақтылықтың біржақтылықпен күресінде маңызды өзгерістердің болғанын көрсетеді.  

Осы аяда Иранның Қорғаныс министрі генерал-майор Амир Хатами Ресейдің Қорғаныс министрі армия генералы Сергей Шойгудің ресми шақыруына жауап ретінде әскери делегацияны бастап Мәскеуге аттанды.

Иран мен Ресейдің жоғары деңгейдегі ынтымақтастығын нығайтуды екі ел қарым-қатынасындағы өзара қажеттіліктерге жауап беру деп бағалауға болады. Шын мәнінде АҚШ-тың аймақтағы түйткіл тудырушы саясаттары Иран мен Ресей қарым-қатынасының маңыздылығын арттырды. Ал бұл жағдайда Иран мен Ресей қауіпсіздікті сақтауда және АҚШ-тың біржақтылығымен күрес мәселесінде АҚШ-тың гегемониясы алдында кері шегінбеуге бел байлағанын көрсетті. Бұл орайда Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің бірнеше ай бұрын Ресейге сапарының соңында екі елдің бірлескен мәлімдемесіне тоқталуға болады. Онда: «Теһран мен Мәскеу аймақ пен әлемнің шұғыл да қажетті мәселелерін шешу үшін халықаралық құқықта танылған барлық ережелер мен принциптер негізінде ұжымдық және көпжақты қатынасты әділетті де белсенді түрде дамытуға белді бекем буып отыр»,-делінген.

Иран мен Ресей «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасымен қоса, аймақтық өзгерістер жөнінде де Теһран мен Мәскеуде және «Астана үдерісі» аясында маңызды отырыстар өткізді. АҚШ-тың бүлдіргі әрекеттеріне қарамастан, аймақтағы лаңкестікпен күрес саласында бірлескен ірі қадамдар жасады. Сондай-ақ, екі ел әскери әріптестікті дамыту саласында стратегиялық бағдарламаға ие.  Оның ең соңғы үлгісі ретінде Иран, Ресей мен Қытайдың ортақ жаттығуын айтуға болады. Бұл үдерістер Иран мен Ресейдің күн тәртібінде көптеген тақырыптардың тұрғанын көрсетеді.

Иран мен Ресейдің әскери-қорғаныс саласында қарым-қатынасын нығайтудың үш тұрғыдан маңызы бар:

Біріншісі – аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне әсерін ескере отырып, қауіпсіздік саласында интеграцияны нығайту және әскери стратегиялық қатынасты дамыту.

Екіншісі – екі елдің қорғаныс және қару-жарақ саласында әріптестік жасауға мүдделі болуы. Иран мен Ресей бір-бірін қару-жарақпен қамтамасыз ету саласында жоғары әлеуеттерге ие.   

Үшіншісі – Иран мен Ресейдің қауіпсіздік саласында, әсіресе біржақтылықпен күрес саласында әріптестігін нығайту.  

Жалпы, қазіргі жағдайда Иран Қорғаныс министрінің Ресейге  сапар аясындағы келіссөздерінің маңыздылығын арттырған нәрсе АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік  кеңесінде Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзарту туралы қарарды бекітуде масқара жеңіліске ұшырағанынан кейін екі ел басшыларының әскери-қорғаныс салаларында байланысты нығайту қажеттігін баса айтуы болып отыр.