Қала көшелерінде Президент қару ұстап жүр!
Там 24, 2020 12:10 Asia/Almaty
Жексенбі күні Беларусьтың ондаған мың халқы ел астанасы Минск қаласында көшеге шығып, президенттік сайлаудың нәтижесіне наразылықтартын білдірді.
Associated Press ақпарат агентігінің хабарлауынша, Минсктің орталық алаңына жиналған наразылар кейіннен бүкіл қала бойынша шеру өткізіп, Александр Лукашенко үкіметіне қарсы ұрандар айтты.
Бронды кеудеше киіп, қолына қару ұстап жеке тікұшақтан түсіп келе жатқан Александр Лукашенконың суреттері көп реакция тудырды.
Лукашенко осындай күйде Беларусьтың қауіпсіздік күштерінің арасына барып, оларға тәртіп пен қауіпсіздік орнатуға талпынып жатқандары үшін алғыс айтты.