Ауғанстанда есірткі заттары америкалық ұшақтармен контрабандаланады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i48039-Ауғанстанда_есірткі_заттары_америкалық_ұшақтармен_контрабандаланады
Иранның Есірткі заттарымен күрес штабының бас хатшысы: «АҚШ пен НАТО-ның ұшақтары Ауғанстанда есірткі заттарын тасымалдайды»,-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 25, 2020 15:30 Asia/Almaty
  • Ауғанстанда есірткі заттары америкалық ұшақтармен контрабандаланады

Иранның Есірткі заттарымен күрес штабының бас хатшысы: «АҚШ пен НАТО-ның ұшақтары Ауғанстанда есірткі заттарын тасымалдайды»,-деді.

Ескендір Мумени дүйсенбі күні Иранның Есірткі заттарымен күрес штабының облыстық басшылары мен орынбасарларының мамандандырылған бейнеконференциясында: «2000 жылы Ауғанстанда өндірілген есірткінің жалпы көлемі шамамен 200 тонна болды, ал 2017 жылы ол 10 мың тоннадан асты, яғни 50 есе өсті. Қазіргі таңда америкалық ұшақтар Ауғанстанда есірткі заттарын контрабандалаумен айналысып жатыр деген ақпаратымыз бар»,-деді.  

Ескендір Мумени: «НАТО ұшақтары да Ауғанстанда есірткі дақылдарын егуге және есірткі заттарды контрабандалауға көмектесіп жатқаны туралы айғақты дерегіміз бар»,-деді.