Майк Пенс сардар Солейманиге қарсы террорды қорғады
Там 28, 2020 11:31 Asia/Almaty
АҚШ Вице-президенті Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштері қолбасшысы сардар шәһид Қасем Солейманиге қарсы негізсіз уәждерді қайталап, Трамп үкіметінің Исламның адал қолбасшысын террор ету шешімін қорғады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Майк Пенс сәрсенбі күні республиканшылардың ұлттық басқосуында сардар Қасем Солейманиге тіл тигізіп, АҚШ-тың биылғы президенттік сайлауының үміткері Трамптың лаңкестік шешімін сынағаны үшін Джо Байденді айыптады. Бұдан бұрын да Пенс Трамп үкіметінің сардар Солейманиге қарсы террорын қолдаған болатын.
Сардар Солеймани Батыс Азия аймағындағы ДАИШ сынды тәкфіршіл лаңкестік топтармен күрескен танымал тұлға болды.