Карзай Ауғанстанның Жоғары ұлттық келісі кеңесіне мүше болуды қабылдамады
Там 30, 2020 15:19 Asia/Almaty
Ауғанстанның бұрынғы президенті Жоғары ұлттық келісім кеңесіне кіруден бас тартты.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ауғанстанның бұрынғы президенті Жоғары ұлттық келісім кеңесінен отставкаға кеткенімен елдің азаматының бірі ретінде бейбітшілік үдерісін қолдап, Ауғанстанда бейбітшіліктің орнатылуына талпыныс жасайтынын қуаттады. Ауғанстан Президенті Мұхаммад Ашраф Ғани Хомед Карзайды Жоғары ұлттық келісім кеңесінің мүшелерінің бірі ретінде таныстырды. 46 мүшесі бар Ауғанстанның Жоғары ұлттық келісім кеңесін Абдолла Абдолла басқарады.