Ресей әлемдегі ең ірі атом бомбасының сынағы туралы фильм таратты
Там 31, 2020 11:41 Asia/Almaty
«Росатом» мемлекеттік компаниясы 1961 жылы Кеңес одағы тарапынан атылған сутекті бомба туралы фильмді алғаш рет таратты. Бұл сынақ адамзат тарихындағы ең ірі ядролық жарылыс саналады.
Ресей атом өнеркәсбінің құрылғанына 75 жыл толуына орай YouTube-те жарияланған осы 40 минуттық фильмде «Бомбалар патшасы» деген атпен танымал АН602 сутекті бомбаның жарылысы көрсетілген. Бомбаның салмағы 26 тонна, қуаты 57 млн тонна TNT болған. Бұл Хиросимада жарылған атом бомбасынан 3 мың есе қуаттырақ.