АҚШ-та саяси қатігездіктер күшеюде
https://parstoday.ir/kz/news/world-i48116-АҚШ_та_саяси_қатігездіктер_күшеюде
АҚШ-та президенттік сайлау уақыты жақындаған сайын бұл ел басқа кезден көбірек саяси қатігездіктерге бет бұруда.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 31, 2020 14:37 Asia/Almaty
  • АҚШ-та саяси қатігездіктер күшеюде

АҚШ-та президенттік сайлау уақыты жақындаған сайын бұл ел басқа кезден көбірек саяси қатігездіктерге бет бұруда.

АҚШ-та жуырда болған қатігездікке толы саяси қақтығыста ел басшысы Дональд Трамп жақтастарының көлік керуені Орегон штатындағы Портленд қаласында нәсілшілдікке қарсы белсенділермен бетпе-бет келіп, бір адам қаза тапты. Соның артынан Трамп Твиттердегі жеке парақшасында саяси қатігездіктермен күресу үшін күш қолдануға шақырды. АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі наразыларды басып-жаншу және елдегі теңсіздікті жою үшін барлық таңдау жолдарын қолдану туралы сөз қозғады.

АҚШ-тағы қатігездіктердің жаңа толқыны бірнеше ай бұрын ақ нәсілді полицейдің тізесінің астында қара нәсілді Джордж Флойдтың жан тапсырған видеосы таралғаннан кейін басталды. Әрине алдымен АҚШ-та теңсіздікке қарсы наразылықтар бейбіт азаматтық сипатта болды, бірақ  полиция наразыларға қарсы қатігез қатынас көрсете бастағаннан кейін наразылықтар біртіндеп бүлдіргі әрі радикал сипатқа ие болды. Тіпті бірқатар наразы қаза тауып, жараланды, көп адам қамауға алынды. Соған қарсы наразылар кейбір қалаларда  қоғамдық және жеке мүліктерге шабуыл жасап, көп жерлерде құл иеленушілік заманына қатысты ескерткіштерді құлатты.

АҚШ-та нәсілшілдікке қарсы наразылықтар мен  сайлауалды науқаны тұспа-тұс келіп, қатігездіктер күшейе түсті. Бір жағынан Трамптың қарсыластары  көшеге шығып, теңсіздікке қарсы наразылықтарға қатысу арқылы АҚШ-тың қазіргі Президентінің қайта жеңіске жетуінің алдын алуға талпынып жатыр. Басқа жағынан Трамп көшелерде қатігездіктерді өршіту арқылы сайлауда қайта жеңіске жету үшін өз жақтастарын көшеге шығаруды көздеп отыр.

Демократ сенатор Крис Мерфидің айтуынша, Трамп сайлауда қайта жеңіске жетуінің кепілі қорқыныш пен қатігездікті күшейту деп санайды.

Сондықтан АҚШ  қалаларындағы саяси қатігездіктер алдағы екі айда азаймайтын сияқты. Биылғы жылдың қараша айында өтетін сайлаудың екі тарабы да, яғни демократтар мен республикашылдар өз жақтастарынан бұл сайлауды өз өмірлеріндегі ең маңызды сайлау деп санауын сұрады. Республикашылдар демократтарды АҚШ-ты жоюды көздейтін социалист, коммунист, анархист және хаос тудырушы деп атады. Оған қарсы демократтар республикашылдарды жеке және қоғамдық бостандықтарды жоюды қалайтын фашист әрі диктатор деп атайды.  

Бұл жағдай 19 ғасырдың екінші жартысында азаматтық соғыс аяқталғаннан кейінгі кезден бергі  АҚШ-ты басқа кезде көбірек азаматтық соғысқа жақындата түсті. Тіпті Байден: «Біз өз-өзімізбен соғысатын ел болмауымыз керек»,-дейді.

Бірақ америкалықтардың бір-біріне қарсы соғысуына әкеліп соқтыратын жағдайдың қалыптаспауы саясаткерлердің ымырашылдығы мен елдің ертеңіне алаңдайтын азаматтардың ұстамдылығына байланысты болып отыр.