АҚШ Қауіпсіздік кеңестің тәкфіршілер жөніндегі қарарына қарсылық білдірді
(last modified Tue, 01 Sep 2020 14:34:54 GMT )
Қыр 01, 2020 20:34 Asia/Almaty
  • АҚШ Қауіпсіздік кеңестің тәкфіршілер жөніндегі қарарына қарсылық білдірді

АҚШ 2011 жылы Сирия дағдарысы басталғаннан кейін тәкфіршіл лаңкестік топтардың, әсіресе ДАИШ-тың құрылуы мен кеңеюіне маңызды рөл атқарды. Қазіргі кезде тәкфіршіл лаңкестерді пайдалану кезең аяқталып, тегі еуропалық лаңкестердің тағдыры АҚШ пен Еуропаның арасындағы келесі қайшылыққа айналды.

 

АҚШ дүйсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде шетелдік тәкфіршілдердің тағдыры туралы қарарға вето қойып, еуропалық одақтастары арасындағы қайышлықтарының артуын көрсетті. Батыс блогі сырт көзге терроризммен күресу мәселесінде бірдей ұстанымға ие екендерін көрсеткенімен, Вашингтонның еуропалықтар қолдаған қарарға теріс дауыс беруі Атлант мұхитының екі жағының қайшылықтарын білдіруімен бірге Трамп үкіметінің еуропалық азаматтығы бар лаңкестердің қайтып оралуына қарсы еуропалық одақтастарына деген ашу-ызасының артуын көрсетті. Индонезия ұсынған қарар БҰҰ мүше елдердің Сирия мен Иракта тұтқынға түскен мыңдаған шетелдік лаңкестерді ықтималды жазалары аяқталған соң өз қоғамдарына қабылдап, әйелдері мен балаларына көмек көрсетуді қарастырады. АҚШ-тың бұл қарарға вето қолдануынан басқа бұл саладағы екі маңызды мәселе көбірек қызықтырды. Біріншіден, Трамп үкіметінің ұстанымдары мен әрекеттерінен АҚШ күннен-күнге көбірек оқшауланып, тіпті Батыс одақтастары көбінде Вашингтонды қолдаудан бас тартуда.   Бұл жәйтке Трамп үкіметінің АҚШ мүдделерін басты санайтын және басқа елдерге үстінен қарайтын біржақтылығы мен менменшілдігі, сондай-ақ басқа үкіметтердің аймақтық және халықаралық мәселелере АҚШ үкіметінің ұстанымына бағынуы керек деген уәжі себеп болды. Әрине бірнеше  полюстік әлем үдерісі  теріске шығарылмайтын оқиғаға айналған әлемде мұндай ұстаным нәтижеге жетпейді. Сондықтан Дональд Трамптың оның саясатының АҚШ-тың әлем басшысы болуына әкелуі туралы сөздеріне керісінше іс жүзінде Вашингтон күннен күнге оқшаулануда.  Екіншіден, Трамп еуропалық үкіметтердің тәкфіршіл лаңкестерін қайтып алуға мәбүрлегісі келеді. Сөйтіп ол тәкфіршіл лаңкестік топтарды, әсіресе ДАИШ-ты құруы мен кеңейтуіне АҚШ-тың маңызды рөл атқарғанын ұмытты. Лаңкестік құбылысының пайда болуына маңызды рөл атқарған Вашингтон өз жауапкершілігін басқа мемлекеттердің мойынына артып, өзі құтылып кеткісі келеді. Тәкфіршілердің уақыты аяқталған қазіргі кезде АҚШ тегі еуропалық лаңкестердің Еуропаға жіберу қажет деген сылтаумен бұл елдерге қысым көрсетуді көздеуде.    

 

Тегтер