Иран мен Ресей университетаралық және технологиялық ынтымақтастықты арттыру қажеттігін қуаттады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i48305-Иран_мен_Ресей_университетаралық_және_технологиялық_ынтымақтастықты_арттыру_қажеттігін_қуаттады
Иран Президентінің ғылыми-технологиялық істер жөніндегі орынбасары мен Ресей Ғылым академиясының басшысы бейнеконференция арқылы сұхбаттасып, екі ел арасында университетаралық және технологиялық ынтымақтастық деңгейін арттыру қажеттігін қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 17, 2020 22:15 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей университетаралық және технологиялық ынтымақтастықты арттыру қажеттігін қуаттады

Иран Президентінің ғылыми-технологиялық істер жөніндегі орынбасары мен Ресей Ғылым академиясының басшысы бейнеконференция арқылы сұхбаттасып, екі ел арасында университетаралық және технологиялық ынтымақтастық деңгейін арттыру қажеттігін қуаттады.

Қос тарап осы сұхбатта ынтымақтастық салаларын анықтап, бірлескен технологиялық жобаларды таныстыру үшін жұмыс тобын құруға келісті.  Иранның Ресейдегі елшісі Казем Джалали елшіліктің келісімдерді орындауға көмектесуге әзір екенін мәлімдеді.