Гутерриш жаһандық дағдарыстардан шығу үшін көпжақтылықты қуаттады
(last modified Tue, 22 Sep 2020 16:00:49 GMT )
Қыр 22, 2020 22:00 Asia/Almaty
  • Гутерриш жаһандық дағдарыстардан шығу үшін көпжақтылықты қуаттады

Кейбір мемлекеттердің көпжақтылыққа табанды болмауы саяси, экономикалық, денсаулық сақтау мен экологиялық салалардағы жаһандық дағдарыстардың артуына әкелді. БҰҰ-ның құрылуының 75 жылдығы рәсіміне бұл ұйымның Бас хатшысы бұл мәселеге реакциясын білдірді.

 

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш жаһандық мәселелерді шешу үшін көпжақтылықтың қажеттілігін қолдап,  дағдарыстарға қарсы халықаралық ынтымақтастықты арттыруды талап етті. Көпжақтылық саясаттарды іске арысуды қуаттау қазіргі кезде дүниежүзі көптеген қиындықтармен бетпе-бет келіп отырған жағдайда орын алуда. Денсаулық сақтау саласында COVID-19 пандемиясы бұл саладағы халықаралық ынтымақтастықты арттыру қажеттілігін көрсетті. Кейбір үкіметтердің біржақтылығы мен халықаралық заңдарға табанды болмауы бұл вируспен күресуді одан сайын қиындатты. Экологиялық мәселелерге, олардың ішінде парниктік газдарды азайтуға  назар аудару   жаһандық ынтымақтастықты қажет ететін тағы бір мәселе болып табылады. Дүниежүзілік сауда заңдарын сақтау және саяси ынтымақтастықты нығайту - көпжақты қатынастың тағы бір бағыты. Көпжақтылықтың маңыздылығына қаармастан өткен жылдарда АҚШ пен оның одақтастары бұл мәселеге немқұрайдылық білдірді. Негізінде АҚШ басшылары өткен онжылдықтарды біржақтылық пен АҚШ мүдделерін қамтамасыз етуді өзінің басты мәселесі ретінде қалыптастырды.  Бұл үдеріс осыдан төрт жыл бұрын Трамп үкіметінің билік басына келуімен одан сайын күшейді. COVID-19  пандемиясы кезінде кейбір халықаралық ұйымдар мен мекемелерден, соның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығу, тарифтерді көтеру, Қытай мен Еуропаға қарсы сауда соғысын бастау, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен Париж климат келісімі сияқты халықаралық келісімдерден шығу, сондай-ақ АҚШ-тың көпжақтылыққа қарсы әрекеттерінен болды.

Чили сарапшысы  Пабло Хафре Леал: «АҚШ көпжақтылықтан әрқашан бас тартты. Вашингтонның  пікірінше, АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі - әлемдік қауіпсіздік. Басқаша айтқанда, американдықтар үшін олардың мүдделеріне сай келетін нәрсе жаһандық болып табылады және әлемнің басқа елдері мен аймақтарының, соның ішінде Батыс Азияның, Латын Америкасының, тіпті Еуропаның мақсаттары, мүдделері мен тілектері маңызды емес».

Ақ үй басшылары біржақтылық пен біржақты саясатты АҚШ-тың басты мәселесі және көбірек билікке қол жеткізу тәсілі ретінде қарастыра бергенімен, іс жүзінде бұл саясаттың сәтсіздікке ұшырағанын және АҚШ-тың халықаралық сахнада оқшауланғанын көрсетеді.

Кристоф Хейзген, Германияның БҰҰ-дағы елшісі: «БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттердің ынтымақтастығымен ғана халықаралық дағдарыстарды еңсеруге болады»,- деді. Әсіресе қазіргі уақытта жаһандық  қатерлерді шешу әлемдік маңызды мәселе болып табылады. Сондықтан, елдер ынтымақтастығы планета тұрғындарына жақсы жағдай жасай алады деген ой туады.

 

 

 

Тегтер