Иран Әзірбайжан мен Арменияның қақтығысын тоқтату үшін жоба ұсынды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i48518-Иран_Әзірбайжан_мен_Арменияның_қақтығысын_тоқтату_үшін_жоба_ұсынды
ИИР СІМ ақпарат хатшысы Теһранның Қарабақ қайшылығын шешуге көмектесуге әзір екенін айтып: «Иран Әзірбайжан мен Армения арасындағы соғыс тез арада тоқтатылуы үшін жоба дайындады»,-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 05, 2020 15:35 Asia/Almaty
  • Иран Әзірбайжан мен Арменияның қақтығысын тоқтату үшін жоба ұсынды

ИИР СІМ ақпарат хатшысы Теһранның Қарабақ қайшылығын шешуге көмектесуге әзір екенін айтып: «Иран Әзірбайжан мен Армения арасындағы соғыс тез арада тоқтатылуы үшін жоба дайындады»,-деді.

Саид Хатибзаде дүйсенбі күні баспасөз отырысында: «Иранның Қарабақ қайшылығын шешуге арналған жобасы Әзірбайжан республикасының аумақтық тұтастығын сақтай отырып, әскери күштерді шығару және келіссөздерді бастаудан тұрады»,-деді.   

ИИР СІМ ақпарат хатшысы барлық елдердің соғыс отын сөндіруге көмектесуі тиістігін айтып: «Иран өзінің солтүстік-батыс шекараларындағы өзгерістерді жіті бақылап отыр және барлық тараптармен тығыз байланыста осы мәселені шешуге тырысады»,-деді.