Неге Арбағиннен қорқады?
Неге кейбір басшылар мен биліктер Арбағиннен қорқады? Бұл салада бірқатар себептерді атап кетуге болады.
Бүгін, бейсенбі хджри-қамари күнтізбесінің 1442 жылының сафар айының 20 жұлдызы, сәйкесінше 2020 жылдың 8 қазаны – Кербала даласында шәһид болған шиіттердің үшінші имамы, Исламның ұлық пайғамбарының немересі имам Хұсейн (ғ.с.) мен адал серіктерінің шәһид болған күнінің қырықы – Арбағин күні. Ливан Хизболласының бас хатшысы Сейед Хасан Насролла Арбағин күніне арнаған сөзінде: «Бұл тарих бойында өткізілген рәсім. Бірақ заманауи дәуірде, Саддам режимі Арбағин рәсімдерін өткізуге тыйым салды. Неге кейбір басшылар мен биліктер Арбағиннен қорқады?»- деді. Бұл салада бірқатар себептерді атап кетуге болады. Бірінші себеп – Арбағиннің мазхаби тұрғысы. Имам Хұсейн (ғ.с.) Кербалада Ислам дінің қорғау және дінді оны құрал ретінде пайдаланушы мұнафықтардың қолынан азат ету үшін көтерілді. Ұстаз Мұртаза Мұттахари «Хұсейннің (ғ.с.) ерлігі» кітабында: «Кербала оқиғасының ең үлкен әсері екіжүзділіктің пердесін жойып, іс жүзінде билеп-төстеуді діннен алыстатты»,- деп жазды. Негізінде Омеядтар тіпті діннің негізгі қағидаларын ұстанбай, дінді адамдарды билеп-төстеу құралы ретінде қолданды, олар діннің саяси қызметінен хабардар болды. Бүгінге әлемде Сауд әулеті ислам әлемінің басшысы болуы туралы уәжденуде. Сондай-ақ өзін қасиетті кесенелер қызметшісі деп санайды. Бірақ іс жүзінде исламдықмемлекет, яғни Йеменге қарсы соғысуда. Шамамен алты жылға созылып келе жатқан бұл соғыстың салдарынан жүздеген мың адам қаза тапты немесе жарақат алды және миллиондаған халық босқынға айналды. Бұл соғыс исламның дұшпандарының мүдделеріне. Сауд әулетінің ұсынып отырған және АҚШ басқарған батыс үкіметтері қолдаған исламдық үлгісі «секуляристік ислам». Ол исламдық құндылықтардан жұрдай. «Секуляристік исламның» қолдаушылары мен жақтастары сионистік режиммен қатыстарын қалыптастыру үшін Палестина сынды исламдық елге қарсы қылмыс жасаудан тайынбайды.
Арбағин – адамгершілік, бірлік, достық пен бейбітшілікті қуаттайтын Исламның әшкере белгілерінің бірі. Арбағин – шынайы Ислам мен Батыс қолдауына ие «секулярістік исламның» бетпе-бет келуі. Сондықтан қарсыластар миллиондаған халық қатысатын Арбағин рәсмдерінен қорқады.
Екінші себеп – арбағинды ұмытпау, яғни имам Хұсейннің (ғс.) ашуралық саяси болмысын қорғау. Ашура - саяси мәні күшті оқиға. Діни жетекшіге табанды болу және зұлымдыққа қарсылық білдіру – Ашураның екі саяси жолдауы. Бірнеше мыңдық язид әскеріне қарсы шыққан имам Хұсейннің (ғ.с.) 72 серігі шәһид болатындары туралы білді. Бірақ ядидшілерге қарсы имам Хұсейннйің (ғ.с.) қисының қолданып, діни жетекшіге табандылық білдірулерін көрсетті. Ашураның саяси қисыны - зорлық-зомбылықты қабылдамау және залымға қарсыласу.
Қазіргі кезде қарсыласу ағымының күшеюінің және жағдайдың қарыласудың мүддесіне өзгеруінің куәсі болып отырған қарсыласу ағымының қарсыластары бұл жағдайды имам Хұсейннің (ғ.с.) Ашурасы мен Арбағиінің жолдауының әсері деп біледі. Сондықтан «жұмсақ соғыс» құралдары арқылы Арбағинның маңызын төмендетіп, елдердің, әсіресе Иран мен Ирактың арасын араңдатқысы келеді.