АҚШ – мемлекеттік терроризмнің үлгісі
Қаз 09, 2020 11:54 Asia/Almaty
Иранның БҰҰ дағы тұрақты өкілі АҚШ тың Иранға барынша қысым жасау саясатын мемлекеттік терроризмнің үлгісі деп атап: «Бұл саясат халықтың қиыншылығын арттырып, Иранда қоғамдық бейберекеттік тудыру үшін жобаланған», деді.
Маджид Тахтраванчи БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында: «АҚШ‑тың басқа елдерге заңдар мен ережелерді таңуы сипаттама бойынша терроризммен бірдей»,‑деді.
Иранның БҰҰ‑дағы тұрақты өкілі: «Батыс Азия аймағындағы лаңкестікпен күрестің қаһарманы генерал-майор Қасым Солейманидің АҚШ тарапынан айуандықпен өлтірілуі – мемлекеттік терроризмнің тағы бір үлгісі»,‑деді.
Тахтраванчи: «АҚШ аймаққа ғана емес, әлемнің барлық дерлік жеріне лаңкестікті таратып отыр»,‑деп қуаттады.
Тегтер