Ресей: АҚШ – әлемде адам құқығын бұзып отырған ең ірі ел
Женевада орналасқан БҰҰ кеңсесіндегі Ресейдің өкілі Геннадий Гатилов сәрсенбі күні АҚШ-ты әлемде адам құқығын бұзып отырған ең ірі ел деп атады.
Ол Твиттердегі жеке парақшасында: «Біз адам құқығын бұзу жайттарының басым көбі АҚШ-та екеніне куә болып отырмыз. АҚШ басқа елдерді адам құқығын бұзады деп айыптаудың орнына осы саладағы ішкі мәселелерін шешіп алғаны дұрыс»,-деп жазды.
Гатилов бұл сөзін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Твиттердегі жазбасына жауап ретінде айтты. Помпео сейсенбі күні Твиттерде Қытай, Ресей мен Кубаның БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесіне мүше болуын сынады.
Әрдайым өзін «әлем полициясы» сезінетін АҚШ осы негізде өзін адам құқығының жағдайы туралы пікір білдіруге құқылы санап, осы елдің Мемлекеттік департаменті жыл сайын басқа елдердегі адам құқығының жағдайы туралы есеп жариялайды.
Ал бұл жағдайда көптеген есептер, соның ішінде БҰҰ Адам құқығы кеңесінің есебінде, куәлер мен түрлі құжаттарда АҚШ әлемдегі ең ірі адам құқығын бұзушы саналады.
Ресейлік саяси сарапшы Андраник Мигранянның айтуынша, АҚШ басқа елдерден көбірек адам құқығын бұзады.
АҚШ-та адам құқығының бұзылуының түрлі қырлары бар:
АҚШ үкіметінің түрлі мәселелерге қатынасы, соның ішінде жергілікті тұрғындар, азшылық топтар мен қара нәсілділерге адамгершілікке жат қатігез әрі кемсітуші сипаттағы қатынас көрсетуі, АҚШ полициясының түрлі түстілерге негізсіз қатігездік жасауы, түрмедегілердің жағдайы, жеке кеңістікке басып кіруі – осының барлығы Вашингтонның адам құқығын қорғауға қатысты уәждерінің жалған екенін көрсетеді.
АҚШ азаматтары құқығының көп бұзылуы бұл қоғамда ашу-ыза, үмітсіздік пен қарсылық тудырды. Оның бір үлгісі – 2020 жылы елдің түрлі штаттарында орын алған бұрын‑соңды болмаған ауқымды наразылықтар.
Сыртқы салада АҚШ-тың Ауғанстан мен Иракқа шабуылы және Абу-Грейб пен Баграм түрмелеріндегі адам құқығын өрескел бұзуы, мыңдаған жазықсыз жанды өлтіруі, сондай-ақ, ұшқышсыз ұшақтарды пайдалану арқылы «лаңкестікке қарсы» шабуылдар жасауы бұл елдің адам құқығын ашық түрде бұзып отырғанын көрсетеді.
АҚШ-тың сыртқы саясатында адам құқығын бұзу жайттарының тағы бір мысалы ретінде Гуантанамода тұтқындардың ешбір айыпсыз шектеусіз мерзімде ұсталуы, оларға қарсы түрлі азаптаулардың қолданылуы, сондай-ақ, АҚШ-тың әлемнің түрлі елдерінің азаматтарына қатысты тың тыңдап, ауқымды тыңшылық жасауын айтуға болады.
Питтсбург университетнің халықаралық құқық пәнінің ұстазы доктор Даниел Коваликтің айтуынша, АҚШ өз уәждеріне керісінше әлемде адам құқығын сақтауға немқұрайлы қарап отыр.