Иранның Еуразия экономикалық одағына экспорты 6 пайызға өсті
(last modified Thu, 15 Oct 2020 14:25:48 GMT )
Қаз 15, 2020 20:25 Asia/Almaty
  • Иранның Еуразия экономикалық одағына экспорты 6 пайызға өсті

Иранның Сауда және даму ұйымы 2018 жылдың 27 қазаны мен 2019 жылдың 22 тамызы аралығында елдің Еуразия экономикалық одағына экспортының 6 пайызға өскенін хабарлады.

Иран Сауда және даму ұйымының мәліметіне сәйкес, экспорттық тауарлардың басым бөлігі Ресейге, аз бөлігі Беларусьқа жіберілді.

Сонымен қатар, бұл есепте осы аралықта Иранға Ресейден ең көп және Қырғызстаннан ең аз тауар импортталған.

Иран Кеден басқармасының статистикалық мәліметтеріне сәйкес,  Иранның соңғы бес айда Еуразия экономикалық одағына мүше 5 елмен сыртқы сауда көлемі 2 млрд доллардан асты. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 6 пайызға өсті.

Тегтер