Ресей Қарабақтағы әскери қақтығысты жылдам тоқтату қажеттілігін қуаттады
(last modified Tue, 20 Oct 2020 12:24:37 GMT )
Қаз 20, 2020 18:24 Asia/Almaty
  • Ресей Қарабақтағы әскери қақтығысты жылдам тоқтату қажеттілігін қуаттады

Ресей Сыртқы істер министрі қақтығыстарды тоқтату және Қарабақ мәселесіне байланысты келіссөздерді жалғастыру қажеттілігін тоқталды.

 

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров дүйсенбі күні Мәскеуде Еуропа Кеңсінің бас хатшысы Мария Пейчинович-Буричпен өткізген келіссөзінде Қарабақ аймағының әскери емес инфрақұрылымдарына қарсы шабуылды қабылдауға болмайды деп  мәлімдеді.  Лавров сондай-ақ соғыс риторикасын, әскери қақтығыстарды, әсіресе азаматтық нысандарға шабуылдарды тоқтату керектігін қуаттады.

Әзірбайжан, Армения және Ресей сыртқы істер министрлері 9 қазанда Таулы Қарабах аймағындағы атысты өткен сенбіден бастап тоқтатуға келісті, бірақ  бұл келісім бірнеше сағаттан кейін бұзылды. Қазіргі кезге дейін көптеген мемлекеттер, олардың ішінде Иран қақтығыстарды тоқтатып, Баку-Ереван келіссөздерін бастауды талап етті.