Бітімге қарсы ашулы судандық жастар сионистік режимнің туын өртеп жіберді
Қаз 22, 2020 16:13 Asia/Almaty
Сионистік делегацияның Суданға сапарында АҚШ-та сайлау болғанға дейін Судан мен сионистік режимнің бітім келісіміне қол қою ықтималы артқан соң судандық жастар осы режимнің туын өртеп жіберді.
Судан дәрігерлер комитеті Хартумның шығысында бір наразының полиция оғынан қаза тауып, 13 адамның жараланғанын хабарлады. Куәлер айтқандай, Хартумның оңтүстігінде сионистік режимнің туы өртеніп, наразылар «Жалдамалы үкімет құлатылуы тиіс» деп ұрандатқан.