2020 жылғы АҚШ президенттік сайлауының екі үміткерінің соңғы пікірталасы өтті
Ағымдағы 2020 жылғы АҚШ президенттік сайлауының республиканшыл және демократ екі үміткерінің екінші әрі соңғы пікірталасы өтті.
Бұл пікірталаста Трамп пен Байден коронавирус, отбасы, ұлттық қауіпсіздік, климат өзгерістері мен нәсілдік туралы сұрақтарға жауап берді. Бұл пікірталаста Трамптың Қытай банкілерінің бірінде жасырын есеп-шоты болып, біраз уақыт бойы оның салығын қытайлықтарға төлегені әшкереленді. Трамп те Байден отбасын шаңсорғыш сынды Украина мен Ресейден ақша алды деп айыптады. Байден Трамптың сөздерін далбаса деп атады. Трамп: «Өзіңді жазықсыз көрсетпе, егер 47 жыл билік басында дұрыс жұмыс жасағанында, мен сайлауға қатыспайтын едім»,- деп жауап қайтарды.
АҚШ президенттік сайлауы 2020 жылдың 3 қарашасында өтеді.