Ресей: Батыстың Ресейге қарсы шабуылы жауапсыз қалмайды
Ресей Сыртқы істер министрі батыстықтардың Мәскеудің сыртқы саясатындағы тәуелсіз ұстанымына наразылық білдірулеріне тоқталып, АҚШ пен Еуроодақ әрекеттері туралы ескерту жасады.
Сергей Лавров Хорватия газетіне берген сұхбатында: «Батыс мемлекеттері тәуелсіз сыртқы саясаты үшін Мәскеуді жазалағысы келеді. АҚШ пен кейбір Еуропа мемлекеттері соңғы кезде Ресейдің дамуының алдын алу әрекеттерін екі есе арттырды. Батыс үкіметтері өздерінің Ресейге қарсы әрекеттерін ақтау үшін жаңа санкциялар енгізіп, әртүрлі айыптарды баяндады, бірақ оларды дәлелдейтін ешбір құжат көрсетпеді»,- деді.
Ресей үкіметінің қарсыласы Алексей Навальныйды уландырып, оны Германияға жеткізуі, сондай-ақ Ресейдің АҚШ-тың 2020 жылғы сайлауына араласуы туралы уәждер батыстықтардың Ресейге қарсылықтарын кеңейтудің жаңа алаңына айналды.