Трамп АҚШ сайлауында жеңіске жету үшін жоғары сотқа үміт артып отыр
АҚШ-та президенттік сайлауға бірер сағат қалғанда Дональд Трамп Федералдық жоғары соттың араласуымен өзінің жеңіске жететінін айтты.
Трамп Пенсильвания штатында өзінің жақтастары алдында сөйлеген сөзінде: «Егер сейсенбі күні немесе одан сәл кейін жеңіске жетсек, жоғары соттың көмегімен жеңіске жеткен боламыз»,-деді.
АҚШ Президенті осы елдің ең жоғары соты мен құқықтық органының 3 қарашада өтетін жанжалды сайлауға араласатынына меңзеп отыр. Трамп бұдан бұрын да президенттік сайлау барысында, әсіресе электронды пошта арқылы дауыс беруде үлкен заңбұзушылықтардың болатынын сан рет айтқан болатын. Ол тіпті бәсекелесі ауқымды заңбұзушылық жасаған жағдайда ғана сайлауда жеңіліске ұшырайтынын ашық айтқан болатын.
Республикалық партия үміткерінің осындай қатынасы 3 қараша күнгі сайлауда жеңілген жағдайда Дональд Трамптың мұны қабылдайтынына шынайы күдік тудырды.
Президенттік сайлауда Трамп кесімді түрде жеңіске жеткен жағдайда да Республикашылдардың сайлау штабы заңбұзушылық туралы арызды сотқа береді деп күтілуде. Олар электронды поштаға жіберілген дауыстардың жарамсыздығы немесе дауыс санаудың дұрыс болмағандығы деген сылтаулармен мүмкіндігінше дауыстардың көбін жоюды көздейді. Сонда Джо Байден ілгерілеген жағдайда демократ бәсекелестің жеңісінің алды алынады.
Миннесота штатының демократ сенаторы Эми Клобушардың айтуынша, коронавирус өршіп тұрған шақта Республикалық партия АҚШ халқына дауыс беруді барынша қиындатып жатыр.
Республикашылдар осы мақсатқа жету үшін федералдық соттар мен жоғары соттың консерват қазыларына ерекше арқа сүйеп отыр. Қазіргі таңда АҚШ-тың федералдық жоғары соты қазылардың үштен екісі республикашыл басшылар тарапынан тағайындалған. Олардың үштен бірін Трамп тағайындаған. Осы тұрғыдан егер 2020 жылғы президенттік сайлаудың ісі ақырында Федералдық жоғары сотқа жіберілетін болса, сот Трамп жеңіске жететіндей үкім шығаруы әбден мүмкін.
Бірақ сонлда да 2000 және 2006 жылдардағы сияқты Демократтар партиясының үміткері халықтың дауыс беруінде республикашыл үміткерден басым түсетін сияқты. АҚШ-та халық президенттік сайлауда тікелей рөл ойнамайтындықтан, бұл елде халықтың аз дауысын жинаса да, тағы да республикашыл үміткер Президент болуы мүмкін.
4 жыл өткенде осындай жағдай қайталанса, АҚШ-та президенттік сайлау өткізудің күрделі тәсіліне сындар көбейетіні анық. Әсіресе, қазір АҚШ-та 2000 жыл және тіпті 2016 жылмен салыстырғанда саяси-идеологиялық алшақтық қатты байқалады. Сондықтан ел ішінде текетірестер күшейіп кетуі ықтимал.