Путин Батыс жаңа санкция салған жағдайда Лукашенконы қолдайтынын айтты
(last modified Thu, 05 Nov 2020 18:07:41 GMT )
Қар 06, 2020 00:07 Asia/Almaty
  • Путин Батыс жаңа санкция салған жағдайда Лукашенконы қолдайтынын айтты

Беларусьта өткен президенттік сайлауда Александр Лукашенко қайта президент болып сайланғаннан кейін басталған ауқымды наразылықтар Батыстың осы елдің ішкі ісіне араласуына сылтау болды. Еуроодақ пен АҚШ Беларусь үкіметі мен Лукашенкоға қатысты жауластық қатынас ұстанып, оларға қарсы жаңа санкциялар салды.

Еуроодақ Беларусьтың жоғары лауазымды тұлғаларына санкция салар алдында Кремль сәрсенбі күні мәлімдеме жасап: «Ресей Президенті Владимир Путин мен Беларусь Президенті Александр Лукашенко телефон арқылы сұхбаттасып, екіжақты қарым-қатынасты нығайтып, тереңдету қажеттігін қуаттады»,-деді.

Батыстың жауластығына қарсы Путиннің Лукашенко мен Беларусь үкіметіне жан-жақты қолдау көрсететін айтуы – шын мәнінде Ресей мен Батыс текетіресінің тағы бір үлгісі. Әсіресе Батыс блогын бастап тұрған АҚШ Ресейді шектеп, ауыздықтауға және оның айналасындағы одақтастарын әлсіретуге күш салып жатыр. Беларусь Ресейдің жақын одақтастарының бірі ретінде соңғы айларда төңкеріс жасау талпынысының нысанасына айналды.

Брюссель мен Вашингтонның Беларусьтің ішкі ісіне тікелей араласып, Лукашенконы биліктен түсіріп, батысшыл бір президентті билік басына әкелуді көздеп отыр. Шығыс Еуропа мәселелері жөніндегі сарапшы Густав Герсель Батыстың Беларусь ісіне араласуының салдарлары туралы ескертіп: «Беларусьтың Еуропамен көбірек әріптестік жасауын талап ету Еуроодақ үшін де, Беларусь үшін де қымбатқа түсуі мүмкін»,-деді

Батыстың Беларусьқа қарсы қысымдарының жаңа кезеңінде Еуроодақ жұма күні осы ел Президенті мен жоғары лауазымды 14 тұлғаға санкция салады. Санкциялар  активтерді бұғаттау мен сапарға тыйым салуды қамтиды. Еуроодақтың 27 мүшесі бұл санкцияға келісіп, оны бекіту үстінде. Еуроодақтың Беларусьқа қарсы бүлдіргі қатынасын ескерсек, Минск пен Брюссель арасында текетірес артады деп күтуге болады.