Иран мен Украинаның сауда айналымын арттыру жолдары қарастырылды
Қар 13, 2020 17:25 Asia/Almaty
Иран мен Украинаның жеке сектор белсенділері екіжақты қарым-қатынасты дамыту жолдарын талқылады.
Теһран сауда палатасы мен Украинаның Харковь сауда палатасының белсенділері вебинар форматында өткен жиналыста екіжақты сауда-экономикалық әріптестікті дамыту қажеттігін қуаттады.
Статистикалық мәліметтер бойынша, екі елдің сауда айналымы жылына 1 млрд доллардан аз, басты мақсат – осы соманы 5 есе ұлғайту.
Минералды заттар айырбасы мұнай-газ өнімдері мен өнеркәсіп құрал-жабықтарын айырбастаумен бірге Иран мен Украина сауда компаниялары үшін экономикалық әріптестіктерді дамытуға қолайлы мұрсат болып табылады.
Тегтер