Тахтраванчи: АҚШ Сирия халқының мұнайы мен байлығын талан-таражға салып жатыр
https://parstoday.ir/kz/news/world-i49096-Тахтраванчи_АҚШ_Сирия_халқының_мұнайы_мен_байлығын_талан_таражға_салып_жатыр
Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі біржақты санкцияларды бәрібір жеңіліс табатын заңсыз әрі антигуманистік әрекет деп атап: «Америкалық күштер Сирияның бір бөлігін басып алу арқылы осы елдің мұнайы мен байлығын талан-таражға салып жатыр»,-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 26, 2020 15:00 Asia/Almaty

Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі біржақты санкцияларды бәрібір жеңіліс табатын заңсыз әрі антигуманистік әрекет деп атап: «Америкалық күштер Сирияның бір бөлігін басып алу арқылы осы елдің мұнайы мен байлығын талан-таражға салып жатыр»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Маджид Тахтраванчи сәрсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирияға қатысты отырысында: «Америкалық күштер лаңкестікпен күрес сылтауымен Сирияның кейбір бөліктерін басып алу арқылы кейбір лаңкестік топтар, соның ішінде ән-Нусра майданына (Тахрир аш-Шам) қолдау көрсетіп отыр»,-деді.

Тахтраванчи сионистік режимнің Сирияға шабуылдарын айыптап, Голан жоталарын басып алуын заңсыз деп атап, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның осы аймаққа арандатушы сапарын оның Израильге қосылғанына заңдылық беру үшін жасалған шара деп атап: «Голан жоталары – Сирияның бір бөлігі. Және солай болып қала береді»,-деп қуаттады.