Францияда полиция мен наразылар арасында қақтығыс болды
Жел 06, 2020 18:45 Asia/Almaty
Франция полициясы «жан-жақты қауіпсіздік» заңына наразылардың жиынына шабуыл жасап, олармен қақтығысты.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, «жан-жақты қауіпсіздік» заңына наразылар екі апта қатарынан көшеге шығып, осы заңға қарсылықтарын білдірді.
Франция басшылары: «Қақтығыстар жалғасатын болса, «жан-жақты қауіпсіздік» заңының 24-бабы қайта қарастырылады»,-деп мәлімдеді.
Франция Сенатында бекітілуді күтіп отырған жаңа қауіпсіздік заңында полиция күштерінің суреттерін тарату қылмыс деп аталып, заң бұзғандарға айыппұл салып, түрмеге қамау көзделген.