Ғарибабади: АҚХА-ның құпия есебінің жария болуы құқықтық тұрғыдан қудаланады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i49215
ИИР-ның Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілі Батыс ақпарат құралдарының бірінде АҚХА-ның құпия есебінің жарияланғанына тоқталып: «Жақында Иран осы мәселе қатысты құқықтық қуыным жасайды»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 06, 2020 21:26 Asia/Almaty
  • Ғарибабади: АҚХА-ның құпия есебінің жария болуы құқықтық тұрғыдан қудаланады

ИИР-ның Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілі Батыс ақпарат құралдарының бірінде АҚХА-ның құпия есебінің жарияланғанына тоқталып: «Жақында Иран осы мәселе қатысты құқықтық қуыным жасайды»,-деді.

Казем Ғарибабади сенбі күні ИИР Телерадио бірлестігінің «Хабар» арнасына берген сұхбатында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты және кепілдік туралы есептер және Иран мен АҚХА арасында алмасылған хаттар құпия болып табылатын айтып: «Иранның құпия құжаттарды сақтау саласында АҚХА-мен құқықтық тұрғыдан соттасып жүргеніне жиырма жылдан асты»,-деді.

Ғарибабади: «Тиісті құқықтық үдерістен өтпей жатып, құпия құжаттарды жариялау оның иесі ретінде тек ИИР-ның ықтиярында»,-деді.

Батыс ақпарат құралдарының өткен жұмада хабарлауынша, АХҚА мүше елдерге Иранның Натанздағы ядролық кешенде дамытылған IR-2M центрифугалардың тағы бірқаншасын орнатуға шешім қабылдағанын жариялады.