Бүгін таңертең Кабулда жарылыс болды
Жел 20, 2020 14:22 Asia/Almaty
Ауғанстан Ішкі істер министрлігі: «Жексенбі күні таңертең Кабулдың «Спин-Келли» қиылысы маңында болған жарылыстан 8 адам қаза тауып, 15 адам жараланды»,-деп хабарлады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің Кабулдан хабарлауынша, Ауғанстанның Ішкі істер министрі жарылыс орнына барып: «Бұл жерде бір адам өз-өзін жарып жіберген»,-деді.
Жарылыстың мақсаты Ауғанстан Парламентінің мүшесі Хан-Мұхамед Вардак болған. Ол осы оқиғада жараланды.
Ешбір топ жарылысқа жауапкершілікті әлі өз мойнына алмады.
Тегтер