Трамп АҚШ сайлауында алаяқтық туралы уәждерін қайталады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i49545-Трамп_АҚШ_сайлауында_алаяқтық_туралы_уәждерін_қайталады
АҚШ Президенті еліндегі президенттік сайлаудағы алаяқтық туралы уәждерін қайталап, сайлау нәтижесін заңсыз атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 02, 2021 15:20 Asia/Almaty
  • Трамп АҚШ сайлауында алаяқтық туралы уәждерін қайталады

АҚШ Президенті еліндегі президенттік сайлаудағы алаяқтық туралы уәждерін қайталап, сайлау нәтижесін заңсыз атады.

Трамп Twitter-дегі жолдауында: «АҚШ-тың  соңғы президенттік сайлауы бүкіл штаттарда заңсыз өтіп, миллиондаған дауыстар өзгертілді»,- деп жазды. АҚШ Президенті сондай-ақ: «Висконсин штатында сайлаушылардан құжатын сұрамау жақындағы президенттік сайлауды жарамсыз етеді»,- деп уәжденді. Трамп осы уақытқа дейін АҚШ-тағы жақында өткен президенттік сайлауда кең ауқымды алаяқтық жасалды деген айыбымен Жоғарғы Соттың, сондай-ақ Конгресстегі Республикалық партияның белгілі мүшелерінің қолдауына ие бола алмады.