Рухани: Батыс демократиясы әлсіз әрі тұғырсыз
ИИР Президенті АҚШ-тағы оқиғалар мен Конгресс ғимаратына шабуылды Батыс демократиясының әлсіздігі мен тұғырсыздығының көрсеткіші деп атады.
Хасан Рухани бейсенбі күні АҚШ-тың кешегі оқиғаларына және Вашингтонда Конгресс ғимаратына жасалған шабуылға тоқталып: «Бұл өзгерістер Батыс елдерінде ғылым мен индустрия дамығанымен популизмнің әлі де белең алып тұрғанын көрсетеді. 4 жыл бойы АҚШ-ты басқарған бір популист елдің абыройын ойран етті»,-деді.
Рухани: «Бір лайықсыз адам (Дональд Трамп) АҚШ-та билікті қолына алып, бұл елдің бүкіл әлеммен қатынасын түйткілге ұшыратып, өз еліне және Батыс Азия аймағына, соның ішінде Палестина, Сирия мен Йеменге, жалпы әлемнің түрлі аймақтарына ауыр нұқсан тигізді»,-деді.