Ресей мен Венесуэла қарым-қатынасының артуы – АҚШ тың жауластық әрекеттеріне жауап
(last modified Fri, 02 Apr 2021 06:18:50 GMT )
Сәу 02, 2021 12:18 Asia/Almaty
  • Ресей мен Венесуэла қарым-қатынасының артуы – АҚШ тың жауластық әрекеттеріне жауап

Ресей мен Венесуэла басшылар сатысында Мәскеу Каракас үкіметаралық комиссиясын құрып, бес ортақ техникалық комиссия ашу арқылы екіжақты байланысты нығайту жолында жаңа қадам жасады.

Венесуэла Президенті Николас Мадуро Ресеймен қаржы, энергетика, әскери‑қорғаныс, азық‑түлік және денсаулық сақтау салаларында он жылға 12 ортақ ынтымақтастық келісімшартына қол қойғанын жариялап, мұны көпполюсті әлем қалыптастыру жолындағы Мәскеу‑Каракас қарым-қатынасының жаңа дәуіріндегі тарихи оқиға деп атады.

Венесуэла Президенті Ресей мен Венесуэланың басшылар сатысындағы үкіметаралық комиссиясын құру рәсімінде: «Бұл отырыс 2031 жылға дейінгі ортақ ынтымақтастық  бағдарламасын ілгерілетуге бағытталған комиссияның ең маңызды жиналысының бірі болды»,‑деді.

Ресей Венесуэланың маңызды халықаралық демеушілерінің бірі ретінде әрдайым осы елдің басшысы Николас Мадуроның солшыл үкіметін қолдап, бұл елге әскери‑экономикалық көмектер беріп келеді. 

Мұнымен қоса, Ресей мен Венесуэла соңғы жылдары түрлі салаларда екіжақты қарым-қатынасты дамытуды көздеп отыр. Бұл үдеріс АҚШ‑тың Венесуэлаға қарсы біржақты санкциялары күшейгеннен кейін еселене түсті. Санкциялар Каракасқа көп қиындық тудырды.  

Ресей АҚШ‑тың қуатты халықаралық бәсекелесі ретінде талай рет АҚШ‑тың Венесуэлаға қарсы әрекеттеріне ашық түрде қарсы шығып, осы елдің үкіметі мен заңды Президентіне қолдау білдірді. Ал Вашингтон Венесуэланың солшыл үкіметін жойып, Николас Мадуроны құлатуға бағытталған іс‑қимылдарын күшейтті.

АҚШ өзін Венесуэла Президенті деп жариялаған оппозиционерлер басшысы Хуан Гуайдоға ашық түрде қолдау білдіріп, Николас Мадуроны құлату үшін экономикалық құралдар қолданып, психологиялық және жарнамалық соғыс жүргізді.

Мұнымен қоса, Ресей мен Венесуэла сан рет Трамп билігі кезіндегі АҚШ‑тың біржақты шаралары мен саясатына қарсылықтарын жариялап, көпжақтылықтың халықаралық жүйе ретінде орнауын қалайтындарын білдірді.

Шын мәнінде Венесуэла – Ресей мен АҚШ текетіресінің тағы бір сахнасы.

Вашингтон әлі күнге дейін Венесуэла үкіметін құлатып, елге үстемдік етуге талпынып, оппозиционерлердің басшысы Хуан Гуайдоны қолдап отыр. Ал Ресей Николас Мадуроны қолдап, оның солшыл үкіметімен қарым-қатынасын кеңейту саясатын жалғастыруда. 

Тегтер