Ресей АҚШ-тың биологиялық қару жасап жатқаны туралы ескертті
(last modified Thu, 08 Apr 2021 13:27:09 GMT )
Сәу 08, 2021 19:27 Asia/Almaty
  • Ресей АҚШ-тың биологиялық қару жасап жатқаны туралы ескертті

Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев: «Әлемде, соның ішінде Ресей мен Қытай шекараларына жақын маңдағы АҚШ-тың бақылауындағы зертханаларда биологиялық қарулар жасалады»,-деді.

Патрушев «Америкалықтар осындай зертханаларда биологиялық қару жасай ала ма?» деген сұраққа жауабында: «Жағдайдың тура осындай екеніне жақсы дәлелдеріміз бар»,-деді.  

Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы: «Әлемде, әсіресе Ресей мен Қытай шекараларында АҚШ-тың бақылауындағы биологиялық зертханалар саны күннен күнге артып келеді»,-деді.

Патрушев 2020 жылы наурыз айында Пентагонның  әлемнің түкпір‑түкпірінде биологиялық зертханалар салып жатқанын ескерткен болатын.

Патрушев АҚШ-тың тыйым салынған жаппай қырып-жою қаруы саналатын биологиялық қаруларды жасап жатқанын баса айтқаннан кейін Вашингтонның өз антигуманистік мақсаттарына жету үшін халықаралық хаттамаларды бұзып отырғаны  талқылана бастады. АҚШ 1972 жылы бекітіліп, 1975 жылдан бастап күшіне енген биологиялық қарулар конвенциясына мүше екеніне қарамастан, іс  жүзінде осы қарудың түр-түрін дамытып отырған ел болып саналады. Бір қызығы, Вашингтон осы салада айыпталушы болып саналмауы үшін алдын орау әрекетін жасап, осы конвенцияны қорғаушы ел позициясын алып отыр. АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хилари Клинтон 2011 жылы 5 желтоқсанда Швейцарияда биологиялық қарулар конвенциясын қайта қарау конференциясында: «АҚШ әлемде биологиялық қаруларды бақылауға алу үшін халықаралық талпыныстар арта түсетініне үміттенеді»,-деді. Вашингтонның биологиялық қарулардың таралуына алаңдаушылық  білдіруі қоғамдық пікірді алдарқатып, өз әрекеттерін жасыру үшін айтылды.

АҚШ үкіметі өз елінде ондаған биологиялық зертханаға ие болумен қоса, соңғы жылдарда шет елдерде биологиялық қару жасайтын зертханаларды дамытуға ерекше көңіл болып отыр. Кейбір есептеулерге сә       йкес, әлемнің түкпір‑түкпірінде АҚШ бақылап отырған 200-ден аса биологиялық зертхана бар.

Вашингтон шын мәнінде АҚШ-та биологиялық апаттың алдын алу үшін зертханаларды шет елдерге тасымалдады. АҚШ-тың вирус өндіре алатын ең негізгі әскери биологиялық зертханалары – 4-ші дәрежелі зертханалар.  

Кеңес одағы құлағаннан кейін АҚШ Украина, Грузия, Өзбекстан, Әзірбайжан мен Қазақстандағы биологиялық зертханалармен байланыс орнатты. Шын мәнінде АҚШ өзінің антигуманистік мақсаттарын орындау үшін кез келген мүмкіндікті пайдаланып, ТМД елдерінде өзінің биологиялық жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ресей Президенті Владимир Путин осы мәселе туралы: «ТМД елдерінде, әсіресе Ресейге көршілес елдерде биологиялық зертханаларды мақсатты түрде дамыту биологиялық қару жасаумен байланысты болуы мүмкін. Бұл Ресей халқы мен ТМД елдеріне бүлдіргі әсер етеді»,-деп қуаттады.

Әдеттен тыс қарулар жөніндегі сарапшы Игорь Никулин ТМД елдерінің АҚШ-тан төніп отырған биологиялық қатерге төтеп беруі қажеттігін айтып: «Мұндай мәселе бар. Соңғы жылдары ТМД елдерінің барлығында кең таралды. АҚШ-тың биологиялық зертханалары орналасқан жерлерде түрлі аурулар таралып жатыр»,-деді.

Пентагонның Ресей мен Қытай шекараларына жақын жерде осындай зертханалар ашуы аймақтың биологиялық қауіпсіздігін бұзумен қоса, қоршаған ортаға қауіп төндіреді. Және халықаралық келісімдерді, әсіресе 1972 жылғы биологиялық қаруларды жасауға және қолдануға тыйым салатын конвенцияны ашық түрде бұзу болып табылады. Осылайша Вашингтон өзінің халықаралық бәсекелестері, яғни Ресей мен Қытайға қарсы биологиялық қоқан-лоққыны арттырып отыр.

Тегтер