Еуразия одағы Иран экономикасының дамуында маңызды рөл ойнайды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i51784-Еуразия_одағы_Иран_экономикасының_дамуында_маңызды_рөл_ойнайды
Иран Сауда ұйымының бас хатшысы Еуразия экономикалық одағының Иран экономикасының дамуындағы рөлін маңызды деп сипаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 12, 2021 11:31 Asia/Almaty

Иран Сауда ұйымының бас хатшысы Еуразия экономикалық одағының Иран экономикасының дамуындағы рөлін маңызды деп сипаттады.

Хамид Задбум: "Егер Иран санкция жағдайында көршілес елдермен, әсіресе Еуразия экономикалық одағына мүше Армения, Қазақстан және Ресеймен сауда қарым-қатынасын кеңейте алса, Иранның экономикасы дамитын болады",-деді.

Задбум: "Еуразия экономикалық одағына мүше 5 ел – Ресей, Қазақстан, Армения, Қырғызстан және Беларусь әлемдік нарықта жылына 850 млрд доллардан аса сауда айналымына ие. Сол себепті осы 5 елмен сауда-саттықты арттыру Иран үшін аса маңызды",-деді.