Рухани Иран мен Сербияның қарым-қатынасын кеңейту қажеттігін айтты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i51944-Рухани_Иран_мен_Сербияның_қарым_қатынасын_кеңейту_қажеттігін_айтты
ИИР Президенті Сербия Сыртқы істер министрімен кездесіп, екіжақты қарым-қатынасты кеңейту қажеттігін айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 18, 2021 13:11 Asia/Almaty
  • Рухани Иран мен Сербияның қарым-қатынасын кеңейту қажеттігін айтты

ИИР Президенті Сербия Сыртқы істер министрімен кездесіп, екіжақты қарым-қатынасты кеңейту қажеттігін айтты.

Рухани Теһранда Сербия Сыртқы істер министрі Никола Селаковичпен кездесіп, Иранның әрдайым Сербия халқының бірлігін қолдайтынын айтып, Теһран-Белградтың халықаралық әріптестігін нығайту қажеттігін айтты.

Рухани Иранның Балкан аймағында бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтап, барлық ұлттар мен ұлыстардың тату тіршілік етуін қамтамасыз ету қажет деп санайтынын айтып: "Лаңкестікпен күресу және бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату аймақ елдерінің жан-жақты әріптесіп, бірлесе талпынуын қажет етеді",-деді.