Сәу 19, 2021 15:23 Asia/Almaty

Мысырдың Денсаулық сақтау министрлігі: «Пойыздың рельстен шығып кетуі салдарынан 16 адам қаза тауып, 97 адам жараланды»,-деп жариялады.

IRNA ақпарат агенттігінің Мысыр ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлауынша, Каир-Мансура бағытындағы №949 пойыз жексенбі күні түстен кейін Мысыр астанасының солтүстігінен 30 км жерде Калубия облысының Сандһур ауданындағы Тух қаласына  жақын жерде рельстен шығып кетті.

Осы оқиғадан кейін пойыз жүргізушісі, оның көмекшісі және Тух қаласының теміржол басқармасының 8 қызметкері қамауға алынды.  

2021 жылы наурыз айының басында да Мысырдың Сохаг қаласының солтүстігінде екі жолаушы тасымалдаушы пойыз соқтығысып, соның салдарынан 32 адам қаза тауып, 66 адам жараланған болатын.  

Тегтер