Maм 10, 2021 04:19 Asia/Almaty

Yahoo News ақпарат сайты сенбі күні кешке бір мақалада Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарасты Құдс күштерінің марқұм қолбасшысы сардар Солеймани қарсы АҚШ тарапынан жасалған террор туралы көбірек мағлұмат берді.

Бұл мақалада осы лаңкестік әрекетке Delta Force күштерінің қатысқаны туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.

Тағы бір жайт: Израиль барлау қызметтері осы лаңкестік әрекетке жақын араласқан.  

Бұл мақалада аталмыш амалдың алдағы жылдарда Джо Байден басқарып отырған АҚШ-тың қазіргі үкіметінің аймақтағы стратегиялық жағдайына әсер ететіні айтылған.

Yahoo News мақаласы АҚШ-тың қазіргі және бұрынғы 15 шендісімен сұхбаты негізінде жазылған. Онда сардар Солейманиге жасалған террор туралы жаңа жайттар, Трамп үкіметінің оған қарсы террор және басқа да жоғары лауазымды ирандық шенділер мен олардың қолдауындағы топтар жайлы ұзақ мерзімді жоспарлары әшкереленді.

Бұл лаңкестік әрекет ойлағаннан әлдеқайда күрделі болып шықты. Бұл амалда тізім бойынша көбірек адамға террор жасалуы тиіс болған сыңайлы.

Мақаладағы маңызды жайт мынау: Сардар Солейманиге қарсы террорды жоспарлау Трамп үкіметінің бас кезінде басталған. Майк Помпео  2017 жылы ООБ-ны басқаруға келгеннен кейін осы ұйымның антитеррористік миссиялар штабы және әскери қимылдар орталығы басшыларымен жиналысында сардар Солейманиге қарсы террор жасау жайлы сұхбаттасты.

Сол жылы Помпео Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің жиналысында да Иранның ең жоғары әскери шендісін жоюды ықтималды стратегияның бір бөлігі ретінде қарастырды.  

Тағы бір маңызды жайт – АҚШ-тың осы қылмыстық әрекетті жасау үшін айтқан сылтауы: Сардар Солеймани америкалықтардың Ирактағы базаларына қарсы шабуыл жоспарлаған, ал АҚШ-тың әуе шабуылы алдын алу шарасы болды.

Ал бұл жағдайда Ирактың жоғары лауазымды басшылары мұны теріске шығарады.

Сондықтан Вашингтон уәждерінің жалғандығы толығымен айқын. Шын мәнінде Трамп үкіметі 2018 жылдан бері сардар Солейманиге террор жасауды көздеп, тиімді уақыт күтіп жүрген.    

Тегтер