«FBI» және Американың Ішкі қауіпсіздік министрлігінің мәліметтеріне хакерлік шабуыл жасалды
Ақп 09, 2016 18:29 Asia/Almaty
Хакерлер Американың Федералды полициясының 20 000 қызметкері мен Ішкі қауіпсіздік министрлігінің 9 000 қызметкеріне қатысты мәліметтерге хакерлік шабуыл жасап, ғаламторда жариялады.
«Россия сегодня» хабар арнасының мәлімдеуі бойынша хакерлер осы мәліметтерге Американың Әділет министрлігі арқылы қол жеткізген. Ғаламторда жарияланған тізім адамдардың есімдерін, лауазым деңгейлерін, жұмыстағы электронды пошталарының адрестерін және телефон нөмірлері туралы мәліметтерді қамтиды. Хакерлік шабуыл жасалған тізім «FBI» және Американың Ішкі қауіпсіздік министрлігінің компьютер мамандарын, дайындық қызметкерлерін, бюджет сарапшылары мен төрағалары және аға кеңесшілерді қамтыды.
Тегтер